Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Керекуде кәріз құбырынан шала туған ер баланың денесі табылды

20 сәуір күні Павлодар қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің жертөлесінде кәріз құбырын тазалау жұмыстары кезінде шала туған нәресте табылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Керекуде кәріз құбырынан шала туған ер баланың денесі табылды
фото: tengrinews.kz

Бакинская көшесіндегі үйдің кіреберістерінің бірінің жертөле үй-жайында кәріз құбырын тазалау кезінде жқмысшылар шала туған ер баланың денесін тауып алған.

«ҚР ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес "адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.