Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

«Автомат пен тапаншасын тартып алды»: АҚШ-та тұратын қазақ жігіті қарақшылармен төбелесті

Америкада тұратын қазақ жігіті өзіне қарумен шабуыл жасаған қарақшылармен төбелесті.  Олжас Қаныбекке афроамерикалық үш қарақшы шабуыл жасаған. Алайда Олжас қарақшылардың өздеріне күш көрсетіп беріп,  қаруларын тартып алған, деп хабарайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Автомат пен тапаншасын тартып алды»: АҚШ-та тұратын қазақ жігіті қарақшылармен төбелесті
коллаж: Azattyq Ruhy

Жеңіл жарақат алған жерлесіміздің қарақшылармен төбелескен сәті әлеуметтік желілерге тарап кетті. Оқиғаның қалай болғанын кейіпкердің өзі Олжас Қаныбек Instagram парақшасында айтып берді. Төбелес АҚШ-тың Майами қаласында болған. Олжастың сөзінше, 3 жігіт сөмкесін тартып алып, тонамақ болған. Ол сөмкеде оның  құжаттары, ұялы телефоны мен ақшасы болған.  Олжас бұзақылардың бірін қуып жүріп ұстап алып, жібермей полицияны күткен. Қолға түскен жігіттен құжатын сұрап, телефонын да алып алған. Олжас бұзақылардың бірін ұстаған кезде қарақшының екі досы оны босату үшін қайта оралған. Қолдарында қару болған қарақшылар оған шабуыл жасаған. Бірақ Олжас  қарсылық көрсетіп, қарақшылардың  автоматы мен тапаншасын да тартып алған. Кейін қарақшылар оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай полиция да жеткен. Қарақшыларды іздеуге 6 полиция көлігі мен тікұшақ жұмылдырылған.

«Бетіме тапанша тақағанда қорқып кеттім. Қазақтың жігіттері осал емес. Келген полиция қызметкерлері де «не деген жүрегінің түгі бар жігітсің деп» таң қалып жатыр», - деді жерлесіміз.

Оқиға орнына психологтар мен дәрігер де келіп, Олжастың жағдайын тексерген. Сондай-ақ киімдерін ДНҚ сараптамасына тексеруге жіберген.

«Қазақ жігіті қарақшылардан пистолет пен автоматты тартып алған, өздерін ұрып-соққан, бірінің тісін сындырған. Мұндайды АҚШ-та бұған дейін ешкім көрмеген», - деді Олжас Қаныбекті құшақтаған  полицейлердің бірі.