Полиция қызметкерлері белсенді Асылбек Қараевты досы Рысбек Сәрсенбайұлының сот отырысына бара жатқанда ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы журналист Күлтегін Оспанұлы Қараевтың әлеуметтік желіде мәлім етті.
"Белсенді Асылбек Қараев Бостандық аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ол сотқа Рысбек Сәрсенбайұлын қолдау үшін барды. Полиция оны сол жерде ұстады", - деп жазды журналист.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда тағы бір белсенді Әлнұр Ильяшев ұсталған болатын. Ол 9 сәуірде Алматыдағы Республика алаңында өткен митингке байланысты қамауға алынды.
Сондай-ақ, Мұхтар Тайжанның 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.
Саясаткер Нұржан Әлтаевтың да 15 тәулікке қамауға алынғаны туралы хабарланды – ол заңсыз митингілерге шақырды деп айыпталды. Ол Астанадағы жаңаөзендік мұнайшылар жеткізілген полиция бөліміне барып, сол жерден тікелей эфир жүргізген.