Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстанда ұшақта маска тағудан бас тартқан екі жолаушыға айыппұл салынды

Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов қазақстандықтарға ұшақтың бортында әлеуметтік арақашықтықты және маска режимін сақтауды сұрап, оны орындамаған жағдайда айыппұл салынатынын ескертті. Бұл туралы zakon.kz  хабарлады.

Қазақстанда ұшақта маска тағудан бас тартқан екі жолаушыға айыппұл салынды
сурет fergana.news сайтынан

«Отандық және шетелдік авиакомпаниялар қауіпсіздік жүйесінің толыққанды болуына мүдделі. Алайда, қазақстандықтар ұшақтың бортында шектеулі талаптарды сақтамай, айналасына қауіп төндіреді. Мысалы, бүгін екі жолаушы 30 АЕК (83340 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар жерге қонар алдында және ұшақ маска киюден бас тартқан», - деді Байғабылов.

Оның айтуынша, жолаушылар әлеуметтік қашықтық тіркеу кезінде және ұшаққа отырғызу кезінде сақтағанымен, бортта ескере бермейді.

 «Әдетте, шетелдік жолаушылар әуе лайнерінде сыртқа кезекпен шығады, тәртіп сақтайды. Біздің елімізде жолаушылардың бортта әлеуметтік арақашықтықты сақтамайтындығы бойынша бізге келіп түскен көптеген шағым бар. Осыған байланысты осы аптада біз ұшақтан түсу кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтамаған жағдайда жолаушыларды айыппұлға тарту шараларын әзірлейтін боламыз», - деді ол.