Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Үш баламен 9-қабаттан секіріп кеткен: жантүршігерлік оқиға тіркелді

Ташкент тұрғыны үш баламен тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Massaget сайтына сілтеме жасап.

Үш баламен 9-қабаттан секіріп кеткен: жантүршігерлік оқиға тіркелді
Фото: kherson.net.ua

Ол алдымен ұлдарды итеріп жіберген. Сосын қызын қолына алып, онымен бірге секіріп кеткен. Ана да, балалар да аман қалмады. Басылым мәліметінше, Өзбекстанның бас прокуратурасы жантүршігерлік қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін тексеріп жатыр. 

"Қайғылы оқиға 3 сәуірде сағат 19:20-да көпқабатты үйлердің бірінде болды. Тоғызыншы қабаттағы пәтерде тұратын 27 жастағы әйел белгісіз себептермен үш баласын - екі ұлды (4 және 5 жаста), сондай-ақ, бір жасар қызын жатын бөлмесінің терезесіне апарған. Алдымен ол ұлдарды терезеден лақтырып жіберген, содан кейін қызды алып, онымен бірге секіріп кеткен", - делінген хабарламада.

Қазір тәртіп сақшылары жантүршігерлік әрекеттің себебін анықтап жатыр.