Жамбыл облысы Меркі ауданы, Ойтал ауылдық округінің әкімін пышақтап кетті, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға 24 наурыз күні, ауыл әкімінің жұмыс орнында болған. Ол ауруханаға жатқызылды.
«Аудандық полиция қызметкерлері 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Медициналық сараптама нәтижесінде ұсталған азаматтың алкогольдік ішімдік ішіп, есірткі қолданғаны анықталды. «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды», - дейді Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Күдіктінің 2013 жылға дейін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында «шизофрения» диагнозымен есепте тұрғаны белгілі болды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.