Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, атыс қаруы қолданылған.
Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында көпқабатты үйдің бірінен 3 ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады paryz.kz.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, атыс қаруы қолданылған. Оқиға бүгін, яғни 21 желтоқсанда болды.
"Алдын ала мәлімет бойынша, кінәлі адам (қайтыс болғандардың бірі) қылмыс жасағаннан кейін өзін өлтірген. Қайтыс болған адамдардың жеке басы анықталды. Олар - Курчатов қаласының тұрғындары", - деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.
Аталған фактіге сәйкес, Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі ("Кісі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.
Әлеуметтік желіде бұл оқиға қала көшелерінің бірінде болды деген ақпарат тарады. Полиция бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.