ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мәйітті көрген тұрғындар полицияға хабар берген, деп хабарлайды Paryz.kz, Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
«102» жедел арнасына Грейдерная көшесінде мәйіт жатқаны туралы хабар түсті. Бірден оқиға орнына тәртіп сақшылары келіп жетті. 43 жастағы ер адамның қала тұрғыны екендігі анықталды», - делінген ақпаратта.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Марқұмның нақты неден көз жұмғаны әзірге белгісіз.
Өлім себебін анықтау үшін мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілген. Ведомство өкілдерінің дерегінше, өзге мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жария етуге жатпайды.