Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

ШҚО полицейі 13 млн теңгені заңсыз иемденіп, жұмсап жіберген

Шығыс Қазақстан облыстық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері айыпталушылардан тәркіленген көлікті иемденгені және 13 млн теңгені өз қажетіне жұмсағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Paryz.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

ШҚО полицейі 13 млн теңгені заңсыз иемденіп, жұмсап жіберген
Сурет: egemen.kz

Өскемен қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ШҚО Экономикалық тергеу департаментінің ерекше маңызды істер бойынша тергеушісіне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Белгілі болғандай, ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, 2022 жылы айыпталушылардан тәркіленген "Skoda" маркалы автокөлікті иемденіп, 13 миллион теңгеден астам ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Сот барысында сотталушы өз кінәсін мойындады. Жазаны ауырлататын өзге мән-жайлар анықталған жоқ.

"Сот шешімімен тергеуші кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ айыпталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылып, "Экономикалық тергеу қызметінің капитаны" арнайы атағынан босатылды", - делінген ақпаратта.