"Екі күн бұрын құбырлар жарылған. Ешкім ештеңе істемеді. Ал таңертең осындай шұңқыр жатыр", - деп шағымданды видео авторы.
Алматыдағы Алатау ауданында жолдың бір бөлігі жер астына түсіп кетті. Тұрғындар коммуналдық қызметтердің әрекет етпей отырғанына шағымданды, деп хабарлады Tengrinews.kz.
Шаңырақ шағынауданындағы Ақшағыл көшесінің бойында жол жер астына түскен. Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде шұңқырға су себеп болғанын хабарлаған.
"Екі күн бұрын құбырлар жарылған. Ешкім ештеңе істемеді. Ал таңертең осындай шұңқыр жатыр", - деп шағымданды видео авторы.
"Алматы су" баспасөз қызметі жолдың жер астына түсіп кеткені туралы мәлімдеме 20 желтоқсанда сағат 7.45-те түскенін хабарлады.
"Тексеріс барысында сумен жабдықтау желісінен су аққаны анықталды. Төтенше жағдайлар қызметі апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Су ағуы жойылды. Жұмыс барысында жақын маңдағы үйлерге су беру үзіліссіз жүргізілді және үйлерге ешқандай қауіп-қатер болған жоқ", - деді "Алматы су" қызметкерлері.