Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ақтөбе облысында пойыз жүк көлігімен соқтығысты: жүргізуші қайтыс болды

Ақтөбе облысындағы теміржол өткелінде пойыз жеңіл көлік тиеген жүк көлігімен соқтығысты. Оқиға салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында пойыз жүк көлігімен соқтығысты: жүргізуші қайтыс болды
Фото: Telegram/POLISIA.KZ

Видеода көлік тиеген жүк көлігінің рельске қалай тоқтағаны, сосын оны пойыз қағып кеткені көрсетілген.

Самара-Шымкент тасжолындағы оқиға бүгін сағат 15:50-де тіркелген. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Жазық" теміржол өткелінде бірнеше жеңіл көлік тиеген жүк көлігінің жүргізушісі пойызбен соқтығысқан.

"Алдын ала мәлімет бойынша, автокөлік жүргізуші бағдаршамның тыйым салу сигналына тоқтамаған. Сөйтіп, пойызға соқтығысқан. Апат салдарынан автокөлік жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Қазір жол-көлік оқиғасының нақты себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.