Қарағандының учаскелік полиция бекеттерінің бірінде полицей көз жұмды.Бұл туралы Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қайғылы оқиға бүгін, 19 ақпан сағат 14:40 шамасында болған.
«Қарағанды қаласындағы учаскелік полиция пунктінде учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ұлан Маратұлы Имашев кенеттен қайтыс болды. Дәрігерлердің алдын ала болжам бойынша қойған диагнозына сәйкес, жүрегі тоқтап қалған», - делінген хабарламада.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрамы әріптестерінің туған-туыс, жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.