Екібастұзда су басқан үйден ер және әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
13 ақпан күні Екібастұз қаласының тұрғынынан Бұхар жырау көшесі мекенжайы бойынша жылыту радиаторларының зақымдануына байланысты тұрғын үй-жайды су басқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Шақыртуды пысықтау барысында жер үйден 1959 жылы туған ер адамның және 1965 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
«Тексеру кезінде қонақ бөлмесінде еденде ашық сымдары бар электр жылытқышы бар екендігі анықталды. Бұл факті Екібастұз қаласының ПБ-да тіркелді»,-делінген хабарламада.