Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

Қызылорда облысындағы жұмбақ өлімнің алдын ала себебі аталды

Қызылорда облысы Полиция департаменті өкілдері мұнай компаниясы қызметкерлерінің өлімінің себебі алдын ала мәлімет бойынша белгісіз заттан улану болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қызылорда облысындағы жұмбақ өлімнің алдын ала себебі аталды
Фото: tengrinews.kz

"Қызылорда облысында 3 ақпанда "Қазспекторстрой" ЖШС мердігерлік компаниясының екі қызметкерінің қаза болу дерегі бойынша қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша тіркелді", - делінген Полиция департаменті хабарламасында.

Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қазір болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, олар белгісіз заттан уланып қайтыс болды", - деді ведомство өкілі.