Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Ақтөбеде көпбалалы ана үйіне келген дәрігерді соққыға жыққан

Бес баланың анасы жаңа туған нәрестеге келген дәрігерді жұдырығымен ұрған. Көпбалалы әйелдің бұған дейін де қоғамдық орындарда шу шығарып, өзге әйелдермен төбелесіп келгені айтылды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбеде көпбалалы ана үйіне келген дәрігерді соққыға жыққан
Фото: ашық дереккөз

Бес баланың анасы жаңа туған нәрестеге келген дәрігерді жұдырығымен ұрған. Көпбалалы әйелдің бұған дейін де қоғамдық орындарда шу шығарып, өзге әйелдермен төбелесіп келгені айтылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Анықталғандай, 40 жылдық тәжірибесі бар егде жастағы педиатр шақырту бойынша жаңа туған нәрестенің жағдайын көруге барған. Алайда пәтерде бес баланың анасы жанжал шығарып, күтпеген жерден дәрігерге қол көтеріп, беті пен денесін жұдырықтап ұрған. Төбелесті шу шығарған әйелдің жұбайы арашалаған.

Көпбалалы әйелден таяқ жеген дәрігер полицияға қоңырау шалып, іс әкімшілік сотқа дейін жеткен. Педиатр жаңа туған нәрестені тексергеннен кейін шақалақтың анасы оған күш көрсетіп, тіпті мұрнын сындырған көрінеді.

Таяқ жеген дәрігердің әріптестері педиатрдың осы жағдайдан кейін күйзеліске ұшырағанын айтады. Ал құқықбұзушылық жасады деп айыпталған Әсел Әділғалиеваның айтуынша, дәрігердің үйге келген кезінде денесінде көгерген жерлері болған.  Бірақ сот әйелдің өтірік айтқанын, ал дәрігердің шын мәнісінде сол үйде таяқ жегенін анықтады.

Сот Әділғалиеваға 45 мың теңге айыппұл салды. Ал зардап шеккен педиатр сотта әйелден моральдық зиян үшін 300 мың теңге талап етті. Судья Мусина дәрігердің шағымын дұрыс деп танып, оның пайдасына сотталушыдан 150 мың теңге өтемақы өндіріп алды.

Белгілі болғандай, көпбалалы ана бұған дейін де өзгелерге бірнеше мәрте қол көтергені үшін жауапқа тартылған. Нақтырақ айтқанда, ол қаладағы базарлардың бірінде шу шығарып, сондағы әйелдің беті мен құлағынан ұрып, шашынан жұлған. Тағы бір жағдайда, өзінің сыраханасына келген бақылаушының басынан калькулятормен ұрған. Осы екеуінде де Әділғалиева айыппұлмен құтылып кеткен. Ол барлық үш жағдайда да өзінің кінәсін мойындамады.