Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

"Ішіне жын кірген": Алматылық әйел ұлын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған

Алматы тұрғыны бұрынғы күйеуіне "ішіне жын кіргені" туралы хабарлама жолдап, ұлын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Ішіне жын кірген": Алматылық әйел ұлын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған
Фото: ашық дереккөз

Алматы полициясы мәліметінше, 1981 жылы туған әйел 2011 жылы туған ұлын бірнеше рет пышақтап өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған. Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелген.

"Сондай-ақ, сол күні әйел бұрынғы күйеуіне аудио-хабарлама жолдап, онда ішіне жын кіріп, ұлын оның қолымен өлтіргенін хабарлағаны анықталды. Біраз уақыттан кейін ер адам үйіне келіп, бұрынғы әйелі мен ұлының өлі денесін тапқан", - деді полиция өкілдері.

Ер адам бұрынғы әйелі кейінгі айларда психикалық ауруға шалдыққанын айтқан.