Түркістан облысы Сарыағаш ауданында әйел өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлады Paryz.kz.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 20 қаңтарда Сарыағаш аудандық ПБ-ға орталық ауруханадан жергілікті тұрғынның сірке суына уланып жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына шықты. Анықталғандай, жәбірленуші аудан мектептерінің бірінде қызмет істейді.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 105-бабы 1 бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша тіркелді. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.