Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Рудныйда ер адам танысының басын шауып тастаған

Марқұмның денесін туыстары тауып алған.

Рудныйда ер адам танысының басын шауып тастаған
Фото: ашық дереккөз

Рудныйда қатыгездікпен жасалған кісі өлімі тіркелді, деп хабарлады paryz.kz, Алау басылымына сілтеме жасап.

Қылмыскер бірден табылды. Бұл туралы бүгін Қостанай облыстық Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов мәлімдеді.

"3 желтоқсанға қараған түні қаланың екі тұрғыны пәтерде ішімдік ішкен. Сөзге келіп қалған 31 жастағы ер адам 68 жастағы кісінің мойнына пышақ сұққан. Ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Күдікті мәйіттің басын шауып, оқиға орнынан қашып кеткен", - деп атап өтті Аймағамбетов.

Марқұмның денесін туыстары тауып алған.

"Патрульдік полиция қызметкерлері сағат 22:00-ден кейін көшеде мас күйінде жүрген адамға назар аударды. Полиция ер адамның қолынан қанды байқаған. Ер адам ұсталып, кейіннен кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Аймағамбетов.