Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Т.Рысқұлов ауылында полицейлерден қашқан адам өлі табылды (ВИДЕО)

"Сондай-ақ полиция бөлімінде бізге екі полицей ештеңе болмағандай жұмыста жүргенін айтты. Негізінде олар күдікті ретінде ұсталуы керек. Ер адамның артында 6 баласы қалды", - делінген видеоның астында.

Т.Рысқұлов ауылында полицейлерден қашқан адам өлі табылды (ВИДЕО)
фото: tengrinews.kz

Түркістан облысында полицейден қашқан ер адам өлі табылды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Instagram желісіндегі kris.p.almaty.official паблигінде ер адамның полицейлерден қашқан сәті түсірілген бейнебақылау камерасының видеосы жарияланды. Жазба астында видео 2020 жылдың 23 қарашасында түсірілгені жазылған.

"Ертесі 2020 жылдың 24 қарашасында таңертең сағат 10-да ер адам құқық қорғау органдарынан қашқан жерден өлі табылды. Түркістан облысы Түлкібас ауданының ПБ 12 күн өтсе де ешқандай әрекет жасамайды, сараптама қорытындылары жоқ. Табылған кезде сол қабырғасы мен сол аяғының сынғаны анықталды. Сондай-ақ полиция бөлімінде бізге екі полицей ештеңе болмағандай жұмыста жүргенін айтты. Негізінде олар күдікті ретінде ұсталуы керек. Ер адамның артында 6 баласы қалды", - делінген видеоның астында.

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер Түлкібас ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері сол күні "Құқық тәртібі" шұғыл-профилактикалық шараларын жүргізгенін түсіндірді.

"Т. Рысқұлов көшелерінің бірінде полицейлер екі ер адамның мас халде жүргенін көрген. Полицейлер олардан құжатын көрсетуді талап еткенде, екеуі де қашып кеткен. Олардың біреуі ұсталды және аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 440-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Ал екіншісі қашып кеткен. Ертесі, 24.11. 2020 жылы таңертең қашқан ер адамның денесін туыстары тауып, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер мәйіттің табылғаны туралы Түлкібас ауданының полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне 102-ге хабар берген", - деп түсіндірді полициядағылар.

Полиция баспасөз қызметіндегілер ер адамның денесін қараған кезде азаптап өлтірудің іздері табылмағанын атап өтті.

"Бұл дерек Түлкібас аудандық ПБ-інде тіркелді. Тексеру жүріп жатыр. Ер адамның өлім себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды. Содан кейін процессуалдық шешім шығарылады", - деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.