Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қарағанды облысында 4-сынып оқушылары 8 жасар ұлды зорлаған

"Камераға түсіріп, порно көруге мәжбүрлеген. Басқа балалардың, соның ішінде қыздардың көзінше жыныстық қатынасқа түсуге күштеген", - дейді құқық қорғаушы.

Қарағанды облысында 4-сынып оқушылары 8 жасар ұлды зорлаған
фото: ашық дереккөз

#НеМолчиkz қоғамдық қозғалысының жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында 8 жасар ұлдың зорланғаны туралы хабарлады. Айтуынша, жаға ұстатарлық оқиға туралы хабарлама 5 желтоқсанда түскен, деп жазды paryz.kz.

"Бүгін Қарағанды облысында тұратын 8 жасар ұлдың ата-анасы хабарласты. Олардың баласын 4-сыныптың оқушылары зорлаған. Камераға түсіріп, порно көруге мәжбүрлеген. Басқа балалардың, соның ішінде қыздардың көзінше жыныстық қатынасқа түсуге күштеген", - дейді ол.

Ал кейін Қарағанды облысының Полиция департаменті құқыққорғаушының жазбасына қатысты түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желілер мен ақпарат агенттіктерінде "8 жасар ұлды 4-сыныптың балалары зорлап, камераға түсірді" деген хабарлама тарап жатыр. Бұл ақпарат полицияда тіркелді. Барлық адам анықталып, заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынды. Жәбірленуші тарап дене жарақаты мен зорлық фактісін жоққа шығарып отыр. Кәмелетке толмағандарға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды", -делінген хабарламада.

Дина Таңсәрі соңғы он күн ішінде #НеМолчиkz қоғамдық қозғалысының кеңсесіне осыған ұқсас 3 хабарлама түскенін мәлімдеді. Құқыққорғаушының айтуынша, Шымкентте 12 жастағы бала екі ай бойы 4-8 жас аралығындағы бес балаға азғындық жасаған. Ал Түркістанда интернатта 15 жастағы үш жасөспірім 14 жастағы ұлды зорлаған.