Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

ШҚО-да мұз астынан әйелдің денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысында мұз астына түсіп кеткен көлікте болған әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

ШҚО-да мұз астынан әйелдің денесі табылды
Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жайдайлар департаментінің хабарлауынша, марқұмның денесі бүгін таңертең сағат 10:00 шамасында шығарылған.

Көлікті Төтенше жағдайлар қызметінің 9 сүңгуірі іздеді. Аяздың кесірінен сүңгуірлердің жұмысы қиындады. Мамандар жанасу арқылы жұмыс істеуге мәжбүр болды. Іздестіру жұмыстары жүргізілген жердегі тереңдік шамамен 20 метр болды, –  деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Мәйітті мұздан алып шығуға 23 адам мен 7 техника жұмылдырылған.