Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ырғыз тұрғынынан 44 дана киік мүйізі тәркіленді

Ақтөбе облыстық ПД қызметкерлері жедел іс-шара барысында Ырғыз ауданы тұрғынының жеке үйін тінтіді.

Ырғыз тұрғынынан 44 дана киік мүйізі тәркіленді
сурет tengrinews.kz сайтынан

«Жергілікті тұрғынның үйінен 44 дана ақбөкен мүйізі табылды. 12 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленді»,- деді облыстықПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, қазіргі уақытта аталған факті бойынша «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.