Желіде мұз қатқан пойыз видеосы тарады. Оқиға "Өскемен-Астана" бағытындағы пойызда болған. Бұл жайтқа қатысты "Жолаушылар тасымалы" өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.
Видео әлеуметтік желіде пайда болды.
"Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметі өкілдері "Өскемен-Астана" пойызының вагонында жылыту жүйесінде ақау болғанын айтты.
"Жолаушылар басқа вагонға ауыстырылды. Бүгінде вагондар Астана станциясының техникалық қызмет көрсету пунктінде орналасқан. Жылыту жүйесінде шыққан ақауды жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Вагондарға техникалық қызмет көрсету бойынша Patentes Talgo жауапты. Ұлттық тасымалдаушы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", - деді компания өкілдері.