Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Қарағанды ​​облысында ер адам полицейлерге пышақпен шабуыл жасаған

Қарағанды облысының полицейлері пышақпен қаруланған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап 

Фото: видеодан скриншот

14 қарашада кешкі сағат 20.50 шамасында Қарағанды облысы Абай аудандық Полиция басқармасына қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде белгісіз біреу жанжал шығарып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орынына құрамында звод командирінің орынбасары Алмаз Жолдасбеков және қызмет инспекторлары Мейіржан Дүйсекенов пен Азамат Тастенұлы бар патрульдік полиция наряды жіберілген.

"Дәлізге кіріп, жоғары көтеріліп келе жатқанымызда үш пен төртінші қабаттың ортасындағы баспалдақта белгісіз ер адамды көрдік. Оның қолында пышаққа ұқсас зат болды. Өзін өте дөрекі ұстап, "пышақтаймын, өлтіремін" деп айқайлады. Дәлізге біреу шығып қалса, ер адамның қолындағы пышақ тиіп кетер деген оймен оны дереу далаға шығару керек болды. Сыртқа шығаруға тырысқанымызда ол бізге қарай ұмытылды", – дейді Алмаз Жолдасбеков.


lamoda.kz
реклама
Черная пятница на Lamoda. Главная распродажа года!
Перейти на сайт
Бұзақы далаға шығып, бізге пышақ сілтеді. Бір сәтте артында тұрған инспектор Азамат Тастенұлы бұзақыға жауынгерлік самбо әдісін қолданып, жерге құлатып, қолындағы пышақты жұлып алды. Ұсталған азамат Абай аудандық Полиция басқармасына жеткізіліп, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.