Ақтау кафелерінің бірінде атыс болды. Оқиға орнынан жарақат алған екі адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ІІМ-нің Polisia.kz Telegram-арнасы хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 12 қарашада Маңғыстау облыстық ауруханасына Ақтаудағы кафелердің бірінен 19 жастағы екі азамат жеткізілген. Олардың біреуінде оқ жарақаты, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты болған.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушыларын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Полиция аталған факт Қылмыстық кодекстің 24 бабы 3б. - 99 бабы 2 б. 9т. (Бұзақылық ниетпен өлтіруге оқталу) бойынша тіркелгенін атап өткен.