Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қостанай облысында мұғалімдер отбасы жол апатынан көз жұмды, 1 жасар бала аман қалды

Қостанай облысында тасжолда болған жол апатынан бір отбасының 3 адамы көз жұмды. 

Қостанай облысында мұғалімдер отбасы жол апатынан көз жұмды, 1 жасар бала аман қалды
Фото: stan.kz

Ресми емес деректер бойынша, Әулиекөл ауылынан жас жұбайлар анасы және бір жасар баласымен Амангелді ауданына құдалыққа жолға шыққан, деп хабарлады ayliekol_qostanai_media парақшасында. Жазылған пікірлерде көз жұмғандардың бірі жүргізушінің анасы емес, тәтесі екені айтылады.

Ақсай ауылы маңындағы жолда жеңіл көліктің жүк көлігімен соқтығысуынан жүргізуші, жұбайы мен туысы сол жерде көз жұмған. Сәби аман қалған.

Қостанай облысы Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

«Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі тізгіндеген көлігін басқара алмай аударылып қалған. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен 2 жолаушы алған жарақаттарынан көз жұмды. Осы фактімен ҚР ҚК 345 бабы  «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды , ‒ деп хабарлады Қостанай облысы Полиция департаменті.