Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Зорлық-зомбылықпен өлтірілген": Ақтөбеде екі адамның мәйіті табылды

Ақтөбеде Нокин көшесінің бойында Елек өзенінің жағасынан екі мәйіт табылды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі.

"Зорлық-зомбылықпен өлтірілген": Ақтөбеде екі адамның мәйіті табылды
Фото: stan.kz

Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов оқиғаның 26 қазан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20:14-те орын алғанын айтты. Айтуынша, Ақтөбе қаласы ІІД Орталық жедел басқармасының "102" пультіне шұғыл хабарлама келіп түскен. 

"Ақпаратты тексеру үшін оқиға орнына облыс прокуроры мен жедел-тергеу тобы келді. Олар жеткен кезде көрсетілген мекенжайдағы бұталардың арасынан 1991 жылы туған К.А. мен 1995 жылы туған Т.С.-ның мәйіттері табылды. Олар зорлық-зомбылықпен өлтірілген. Екі адамның өлімін ескере отырып, қылмыстық іс бойынша процессуалдық прокурорлар тобы анықталды. Тергеуді облыс прокуроры бақылауға алды", – деді Өркен Ещанов.

Бұл іс Ақтөбе қаласы Алматы ауданының №3 қалалық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бойынша тіркелген.