Батыс Қазақстан облысында ұлы әкесін ұрып өлтірді, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі uralskweek.Kz сайтына сілтеме жасап.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға Сырым ауданы Қоңыр ауылында болған.
"М.Есламғалиев көшесіндегі өз үйінде 36 жастағы тұрғын 75-тегі әкесімен бірге арақ ішкен. Содан кейін ұлы әкесін соққыға жыққан. Соның салдарынан қария оқиға орнында көз жұмды. Мүрде Орал қаласындағы сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", деп хабарлады ведомство өкілі.