Қайғылы оқиға 6 қазанда Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты «Жомарт» саяжай қонысында болған.
Белгілі болғандай, газдан уланып, бүкіл бір отбасы көз жұмған. 52 жастағы ер адам мен оның үш ұлы қайтыс болған.Балалардың үлкені 13 жаста, екеуі 8 жасар егіздер болған.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Ведомствоның мәліметінше, өлімнің алдын ала себебі пропан газынан уланудан болған. 6 қазанда Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық өкругіне қарасты «Жомарт» саяжай қонысында табиғи газдан 4 адамның уланғаны туралы хабарлама түскен.
Құтқарушылар оқиға орнына келгенде 1970 жылғы ер адам мен оның үш ұлы газ балонынан шыққан газдан уланып қалғаны анықталды. 25 литрлік газ баллоны қолдан жасалған жылыту пешіне қосылған болып шықты.
ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай,отбасы 2 ай бұрын Тараздан қоныс аударған және балалардың анасы мектепте аспаз болып жұмыс істеген.
«6 қазанда күйеуі әйелді таңғы сағат 5-те жұмысқа апарып салып, үйге оралған. 16:00-де үйге қайтып келген әйел күйеуі мен ұлдарын өлі күйінде тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша олар газдан уланып қалған», ‒ делінген хабарламада.