Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қостанай қаласында бір адамды он бұзақы жабылып тонаған

Сондағы алғандары – 20 мың теңге мен бір велосипед.

Қостанай қаласында бір адамды он бұзақы жабылып тонаған
фото: alau.kz

Қостанайда 21 қараша күні сағат 22:00 шамасында 10 адам облыс орталығының 34 жастағы тұрғынын жабылып ұрып кеткен, деп хабарлады paryz.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәбірленуші бірден "102" нөміріне қоңырау шалып, оқиға туралы патрульдік полицияға хабарлаған. Оны белгісіз біреулер ұрып-соғып, 20 мың теңге ақшасын және велосипедін алып кеткен.

Полиция күдіктілерді жақын маңдағы көшеден тапты. Олардың мас екендігі анықталды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1-бөлімі ("Бұзақылық") бойынша тіркелген сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.