Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Түркістан облысында бір отбасының екі баласы суға кетіп, қайтыс болды

Түркістан облысында бір отбасының екі баласы суға кетіп, қайтыс болды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Түркістан облысында бір отбасының екі баласы суға кетіп, қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзі

Оқиға Арыс қаласының аумағындағы Қожатоғай елді мекенінің маңында болған. Үйден шығып кеткен 2008 және 2011 жылы туған ағайынды жігіттер қайта оралмаған.

«Сырдария өзенінің жағасындағы көлшіктерге түсіп, қайта шыға алмай қалған. Бір баланың денесін түнгі сағат 00:30 шамасында ауыл тұрғындары тапқан. Ал, екіншісін таңға жуық тауып, судан шығардық. Оқиғаға ТЖД 6 қызметкері және қажетті техникалары жұмылдырылды. Сондай-ақ, балаларды іздеу жұмыстарына 80-нен астам ауыл тұрғындары көмек көрсетті», - дейді Түркістан облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қанат Қарабалаев.