Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Мал ұрлаған адам полицейлерге коронавирус жұқтырды

Тәртіп сақшылары амбулаторлық жағдайда ем қабылдауда.

Мал ұрлаған адам полицейлерге коронавирус жұқтырды
Фото: дереккөз

Павлодар облысы Аққулы ауданының полиция бөлімі қызметкерлері мал ұрлады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының азаматын Уақытша ұстау изоляторына жапқан деп хабарлады paryz.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Кейін темір торға қамалған азамат коронавирустық инфекцияның симптомсыз түріне шалдыққаны анықталды. Ал ол өз кезегінде құқық қорғаушыларға жұқтырып үлгеріп, жергілікті полиция бөлімінде ауру ошағы пайда болды.

«Полиция қызметкерлерімен байланыста болғандардан тиісті талдамалар алынып, тәртіп сақшыларының өздері үй карантиніне жіберілді. Қазіргі кезде олар амбулаторлық жағдайда ем қабылдап жатыр», - дейді Аққулы ауданы әкімінің орынбасары Алма Қасымова.

Ауданда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты аудан орталығындағы Лебяжі орта мектебі, Ямышев ауылдық округінде орналасқан «Айналайын», «Болашақ» балабақшалары мен мектеп уақытша жабылды.

Жалпы, қараша айында Аққулыда 21 адамның қауіпті вирусты жұқтырғаны белгілі болды. Олардың 11-і – соңғы тәулікте сырқатқа шалдыққандар. Ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жаңа шектеулер қойып, аудан шекарасына санитарлық бекеттер орнату туралы қаулы шығарды. Енді анықтамасы бар аудан тұрғындарына ғана кіріп-шығуға болады.