Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Нұр-Сұлтанда дәмханада газ баллоны жарылып, бір адам қаза тапты

"Жарылыс салдарынан ас бөлмесінің төбесі опырылып түскен..."

Нұр-Сұлтанда дәмханада газ баллоны жарылып, бір адам қаза тапты
фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Елордада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті деп хабарлады paryz.kz.

«2020 жылдың 21 қарашасында, сағат 12:25-те Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне дәмхана ретінде жабдықталған коттеджде газ баллонының жарылғаны туралы ақпарат келіп түсті», - деді Талғат Уәли.

Оның атап өтуінше, өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткен кезде үйдің ішінде бір қыз болған және үйде 15 газ баллоны бар екені анықталған. Жарылыс салдарынан ас бөлмесінің төбесі опырылып түскен. Алдын ала деректерге сәйкес, бойжеткен үйінді астында қалып қойып, оқиға орнында қаза тапқан.

"Қазіргі уақытта оқиға орнында Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД-нің, Апаттық медицина орталығының 21 құтқарушысы мен 5 техникасы жұмыс істеп жатыр", - деді ТЖМ ресми өкілі.