Алматыда ер адам автобуста бұрынғы әйеліне пышақ салмақ болды, деп хабарлайды paryz.kz.
Оның әйелмен сөз таластырып тұрғаны, кейін пышақ шығарып, шабуыл жасағаны автобус ішіндегі камераға түсіп қалған.
«Оқиға 31 шілде күні кешкі сағат 22:30-да Саин және Рысқұлов көшелерінің маңында № 38 автобуста болған. Ер адам бұрынғы әйеліне пышақ салмақ болды»,- деп жазды желі қолданушы.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, атлған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады», – деп хабарлады полициядан.