Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Полицейді бауыздап кетті»: Ақтауда жантүршігерлік жағдай болды (ВИДЕО)

Ақтауда полиция қызметкерін бауыздап өлтіріп кетті. Оқиға 3 тамызға қараған түні 17-шағынауданда болған деп жазады Paryz.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

«Полицейді бауыздап кетті»: Ақтауда жантүршігерлік жағдай болды (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

Облыстық Полиция департаменті аталған ақпаратты растап отыр.

Полицейлердің хабарлауынша, 3 тамыз күні сағат 03:50-де кезекші бөлімге 26 жастағы ер адамның пышақ жарақатымен ауруханаға түскені хабарланған. Жедел жәрдем каретасы оны 17-шағынаудандағы үйлердің бірінің ауласынан алып кеткен. Жәбірленуші мойнынан жараланған екен. Ол дереу жансақтау бөліміне жатқызылғанымен, есін жимастан қайтыс болды.

Кейінірек анықталғандай, қайтыс болған жігіт еңбек демалысындағы полиция қызметкері болып шыққан. Шұғыл іздеу шаралары барысында 27 жастағы күдікті де ұсталды.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.