Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

100-ден астам адам тойханада астан уланып қалды

Қырғыз Республикасының Аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті 2 тамыздағы жағдай бойынша тойханада уланғандар саны 108 адамға жеткенін хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

100-ден астам адам тойханада астан уланып қалды
Фото: ашық дереккөзі

Оқиға Баткен облысы Қадамжай ауданындағы «Алмаз» тойханасында болған.

Ақпаратқа сәйкес, тамақтан уланып қалған 23 адам ауруханаға жатқызылды, оның екеуі бала. Өз кезегінде 85 адам амбулаторлық ем алуда, соның ішінде 1 бала бар.

«Уланғандардың жағдайы қанағаттанарлық, бұрын жансақтау бөлімінде жатқан 2 баланың жағдайы жақсарып, жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды», - делінген хабарламада.