Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

СҚО-да ер адамның мәйіті табылды

Солтүстік Қазақстан облысында іздеу жарияланған 64 жастағы ер адамның денесі көлден табылды, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті. 

СҚО-да ер адамның мәйіті табылды
Фото: ашық дереккөзі

ТЖД-нің мәліметінше, 27 шілде күні сағат таңғы 6.00 шамасында 1958 жылы туған ер адамның із-түзсіз жоғалғандығы туралы хабар түскен. Құтқарушылар Петропавл тұрғынының денесін қала маңындағы Пестрое көлінен алып шықты. Ер адам сол түні спирттік ішімдік ішкен екен.

«Шілденің 27-і таңғы сағат 10.15-те жедел құтқару жасағының күшімен Пестрое көлінен 1958 жылы туған ер адамның денесі шығарылды. Алдын-ала болжам бойынша, Петропавл тұрғыны сол түні сағат 2.00-3.00 шамасында жолдастарымен көлдің жағасында спирттік ішімдік ішкен. Қазір оның суға қалай кеткені анықталып жатыр», - дейді СҚО ТЖД басқарма бастығының міндетін атқарушы Асқар Исмағұлов.

Жалпы өңірде суға шомылу маусымы басталғалы 4 адамның ажалы судан болды, соның біреуі – бала. Мамандардың айтуынша, көп жағдайда қайғылы оқиғалар арнайы жарақтандырылмаған көлдерге суға шомылу кезінде болған. Мәселен, соңғы 10 жылда тыйым салынған жерлерде суға түскен 214 адам, соның ішінде 34 бала көз жұмған.

Қазіргі уақытта СҚО-да 2 мыңнан астам көл, ондаған өзен болса, соларда тек 58 ғана суға шомылуға арнайы орын әзірленген.