Елордадағы Әнет баба көшесінде көлік қақтығысы тұрғындардың ашуын туғызды деп жазады Рaryz.kz куәгерлердің әлеуметтік желіге салған бейнебаянына сілтеме жасап.
Бүгін таңертеңгілік Нұр-Сұлтан қаласындағы Әнет баба көшесінде екі көлік бетпе - бет соғысып, біреуі төңкеріліп түсті. Оқиға куәгерлері бұл апаттың себебін бұл көшеде бағдаршамның болмауынан деп түсіндіреді. 109 номеріне телефон соқса да, әзірге еш нәтиже бермеген сыңайлы.