Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қостанайда 20 мың теңге үшін әйелді пышақтап кетті

Шабуылдаушы сол күні ұсталды, жәбірленушінің сөмкесі мен пышақ тәркіленді.

Қостанайда 20 мың теңге үшін әйелді пышақтап кетті
Видеодан скриншот

Қостанайда күйеуінің қарызы үшін әйеліне пышақ сұққан азамат ұсталды деп хабарлады paryz.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, қостанайлық тұрғын 38 жастағы әйелге ақша үшін суық қару қолданған.

"Оқиғаның алдын ала себебі - ақшалай қарыз. Жәбірленушінің күйеуі күдіктіге 20 000 теңге қарыз болған. Олар бір ауданда тұрады", - деп хабарлайды Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шабуылдаушы сол күні ұсталды, жәбірленушінің сөмкесі мен пышақ тәркіленді. Күдіктінің мас күйде болғаны белгілі болды.Әйел қысқы қиімнің арқасында аман қалған. 

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қостанайда әйелге пышақ сұққан қылмыстың видеосы тараған еді. Белгілі болғандай, кісі өлтіруге әрекет жасады деген күдікпен 41 жастағы ер адам ұсталды. Әйелді дер кезінде құтқарып қалды. Ол ауруханаға жеткізілді, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оны амбулаториялық емдеу үйіне жіберді.