Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Төрт бала жетім қалды". Атырауда күйеуі әйелін өлтіріп, кейін өзі асылып қалды

Атыраудағы пәтерлердің бірінде ерлі-зайыптылардың мүрделері табылды, деп жазады Рaryz.kz  exk.kz сілтеме жасап.

"Төрт бала жетім қалды". Атырауда күйеуі әйелін өлтіріп, кейін өзі асылып қалды
ПД баспасөз қызметі

Атырау облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Мейірім Ердәулет мәлімдегендей, Атырау қалалық полиция басқармасына 64 жастағы әйел шағымданады. Әйелдің айтуынша, тұрмыстағы қызы пәтердің есігін ашпай жатыр. Пәтерді ашып берген полиция қызметкерлері әйелі мен күйеуінің мүрделерін табады.

Белгілі болғандай, ер адам әйелді тұншықтырып өлтіріп, кейін өзі асылып қалған.

ҚК 99 (Адам өлтіру) бабымен қылмыстық іс қозғалды. Олар жалдамалы пәтерде тұрған. Ортақ некеден төрт балалары бар,

— деді Мейірім Ердәулет.

Тергеу амалдары жалғасуда.