Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Жамбыл облысында атасы мен немересі Талас өзеніне батып кетті

Ер адамның денесі табылғанымен, ТЖД-нің қызметкерлері 7 жастағы қызды іздестіріп жатыр, деп жазады Рaryz.kz  exk.kz  сілтеме жасап.

Жамбыл облысында атасы мен немересі Талас өзеніне батып кетті
©ЭК/Андрей ХАЛИН

Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға куәгерлері егде жастағы ер адамның денесін өзеннің Жасөркен ауылына кіре беріс жерінен шығарып алған.

Куәгерлер 61 жастағы ер адамның денесін судан шығарды. Сағат 17:50 шамасында ТЖД қызметкерлері 2015 жылы туған қызды іздестіре бастады. Қыз бала сағат 17:10 шамасында суға батып кеткен көрінеді,

— делінген хабарламада.

Атасы мен немересі жабдықталмаған жерде суға түскен. Қыз баланы кеш батқанға дейін іздеді. Іздестіру жұмыстары ертең таңертең қайта жалғасады. ТЖД-нің мәліметінше, бүгін қызды іздеу үшін бес құтқарушы жұмылдырылды.