Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Ақмола облысының тұрғыны болашақ енесін тонап кеткен

Ақмола облысы Атбасар ауданының полициясына егде жастағы әйел шағымданып, белгісіз біреудің үйінен 400 мың теңгесі мен 1 185 еуросын ұрлап кеткенін айтқан, деп жазады Рaryz.kz  stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының тұрғыны болашақ енесін тонап кеткен
ашық дерек көздерінен

Келтірілген шығын 900 мың теңгеге тең. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы саусақ іздерін алған. Ал инспектор Қанат Шамшуалиев барлық куәгерлерден жауап алған. 

Полицейлер қабылдаған шаралар нәтижесінде зардап шеккен әйелдің болашақ келіні, 32 жастағы жергілікті тұрғын күдікті деп танылды. 

Әйел өз кінәсін мойныдаған. Полиция Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Заттай айғақтар, яғни ақша тәркіленіп, шағым түсірген азаматқа қайтарылды.