Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Жаяу патруль сарбазы суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Бала парапеттің екінші жағына өтпек болды, бірақ, өкінішке орай, сүрініп, суға құлап түсті.

Жаяу патруль сарбазы суға батып бара жатқан баланы құтқарды
polisia.kz

Жаяу патрульдегі Жылдам әрекет ету арнайы жасағының сарбазы 14 жастағы баланы судан құтқарды.

ПД хабарлауынша, 14 жастағы Роман және оның достары Есентай өзенінің жағасында серуендеген.

«Бала парапеттің екінші жағына өтпек болды, бірақ, өкінішке орай, сүрініп, суға құлап түсті. Осы сәтте бұл аймақта тәртіпті қадағалау үшін жедел әрекет ету отрядының инспекторы Асқар Тортай мен учаскелік инспектор Руслан Қалиев қызмет етіп жүрген. Батып бара жатқан баланы көрген аға лейтенант Тортай бірден суға секіріп, Романды шығарып алды. Бала аман, ата-анасына тапсырылды», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

«Көмектескен полиция қызметкерлеріне үлкен рахмет. Жақын маңда болған оар дер кезінде көмектескен. Баланың жағдайы жақсы», – дейді алғысын жаудырған Романның анасы.