Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Ресейден 30 тонна қант кіргізбек болғандар ұсталды

Ресейден Қазақстанға 30 тонна қант алып өтпек болғандар ұсталды, деп жазады Рaryz.kz  Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Ресейден 30 тонна қант кіргізбек болғандар ұсталды
ашық дерек көздерінен

"Маштаково" көлік өткізу пункті ауданында Самара кеденшілері Қазақстанға бара жатқан 3 көлікті тоқтатқан. Автомобильдердің жүк тиелген бөлігінде өзге тауарлардың арасынан қант қаптары табылды. Заңбұзушылар Ресейден барлығы 30 тонна құмшекер шығаруға тырысқан.

Жүргізушілерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

"Ресейден қант шығаруға салынған тыйымды бұзу жағдайлары көбейді. Бүгін, сондай-ақ, Орынбор облысында бұрын осы құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған жүргізуші қайтадан тоқтатылды, оған екінші мәрте де Ресейден қант әкетуге жол берілмеді. Көбінесе, тыйым салынғаны туралы біле тұра жүргізушілер рұқсат етілмеген тауарларды алып өтуге тырысады.  Мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысы осындай жағдайларды анықтауға және жолын кесуге бағытталған. Тәркіленген тауар жөнелтушілерге қайтарылады, ал заңбұзушылар жазаланады", – дейді Самара кедені бастығының орынбасары Рустам Тунтаев.

Еске сала кетейік, 6 шілдеде "Русско-Полянский" фитосанитарлық бақылау бекетінде Ресей аумағынан 29,9 тонна қант шығару фактісінің жолы кесілді. Қант партиясы құжатта тыңайтқыш (карбамид) қретінде көрсетіліп, ақ түсті полипропилен қаптарға салынған. Омбы кедені тергеу жүргізуде.

Сонымен қатар, 30 маусым мен 8 шілде аралығында "Есілкөл" автомобиль және теміржол өткізу бекеттерінде 34 тоннаға жуық қант экспорты тоқтатылды. Бір жағдайда өнімдер ұнға арналған құжаттар бойынша экспортталған: қант қаптары ұн салынған қаптардың астына жасырылған. Қалған жағдайларда жалпы салмағы 590 кг өнімнің ұсақ партияларын қала маңындағы электр пойызында жеке тұлғалар тасымалдаған.