Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Ақтөбе облысында жанармай құю бекетінде екі жарылыс болды

Жанармай бекетімен бірге бірнеше көлік өртеніп кетті, деп жазады Рaryz.kz  Экспресс К сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында жанармай құю бекетінде екі жарылыс болды
ашық дерек көздерінен

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, Алға қаласындағы Абай көшесінің бойында орналасқан "ЛиманГаз" жанармай құю бекетінде жарылыс болған.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Жанармай құю бекетінде сыйымдылығы 46 текше метр болатын екі цистерна жарылған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне хабарлама 17 шілде күні сағат 18:50-де түскен.

"Құрамында 26 адам мен 7 техника бар қызметкерлер жедел түрде шақырту орнына жетті",

— деп хабарлады департамент.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт аймағынан екі техника мен көлемі 10 және 54 текше метрлік екі контейнерді шығарды.

Абырой болғанда қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 19:44-те оқшауланып, 20:02-де толық сөндірілді,

— делінген облыстық ТЖД таратқан хабарламада.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі