Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Инкассаторға шабуыл жасап, 14 миллион теңгені қолды қылған

Оқиға Ақмола облысы, Бозайғыр аулында болған, -деп жазады Рaryz.kz Экспресс К сілтеме жасап.

Инкассаторға шабуыл жасап, 14 миллион теңгені қолды қылған
ашық дерек көздерінен

Сол күні бірнеше терминалдан ақша жинап, көлікке отыра берген инкассаторларға қолында тапаншаға ұқсас заты бар әлдекім шабуыл жасайды. Медициналық бетперде таққан қарақшы инкассаторларға қаланың шетінет баруды бұйырады. Сол жерде 14 миллион теңгені қорқытып, тартып алады.

Көп кешікпей полиция 24 және 27 жастағы Астананың іргесіндені Қосшы қаласының қос тұрғынын күдікті ретінде ұстайды.

Олар бұрын өздері тонаған инкассаторлық фирмада жұмыс істеген болып шықты. Кінәларын мойындап, ақшаның қайда екенін айтқан. 14 миллион теңгені Тайтөбе ауылы маңында, Нұра өзенінің жағасына тығып қойған екен.

Қазірде күдіктілердің үстінен қылмыстық кодекстің 192 бабы, 4 тармағы, 2 бөлімі бойынша қарақшылық ісі қозғалып, уақытша қамау изоляторына жеткізілген.