Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Мәуленов пен ұлына қатысты қылмыстық іс сотта қарала бастады

Бүгін Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айдарбек Замбаевтың төрағалық етумен «ТаразЭнергоОрталық» АҚ басқарма төрағасы Бақберген Мәуленов пен ұлы, «Expo Energy KZ» ЖШС компаниясының жетекшісі Рахат Бүлдешке қатысты қылмыстық іс соттта қарала бастады деп жазады Рaryz.kz  Оrda.kz  сілтеме жасап.

Мәуленов пен ұлына қатысты қылмыстық іс сотта қарала бастады
ашық дерек көздерінен

Әке мен бала 2 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінген. Ақша жалған келісімшарттар бойынша компаниялардың есепшоттарына түсіп отырған. Тағы бір эпизодты криптовалютамен айналысатын компанияға электр энергиясын заңсыз сатумен байланыстырады.

Мемлекеттік айыптау оқылмай тұрып Бақберген Мәуленов, Рахат Бүлдеш және Ануар Жуанышбаев соттан күзетте ұстауды үй қамаққа ауыстыруды сұрады.

Бақберген Мәуленов іздеуде жүрген Рахат Бүлдештің хатын сотқа ұсынды. Онда ол әкесі мен інісінің «ТаразЭнергоОрталық» АҚ жасалынған келісімшарттарға қатыстары жоқтығын айтып, өзің қорғап алу үшін, кұзетте ұстау бұлдыртпасын үйде ұстау болса келетіндігін хатта айта кетті.

Ал, шетелде білім алып келген Ануар Жуанышбаев «Си-13-тегі» адам төзгісіз жағдайлар туралы айтты. Тексерушілер мен қонақтарға ол жерлерді көрсетпейтінін де қосты.