Алысқа жүгіруден 7 рет әлемдік рекорд жасаған желаяқ Марат Жыланбаев 10 шілдеде Facebook парақшасында өзінің қамалғанын хабарлады деп жазады Рaryz.kz t.me/azattyq сілтеме жасап.
Гинесстің рекордтар кітабына енген марафоншының жексенбі күні түстен кейін пайда болған жазбасында "мені қамады" (меня арестовали) деген жалғыз сөйлем тұр.
Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина қолданушыларды оның телефонына хабарласып, қолдауға үндеді. Күндізгі сағат үш жарымдар шамасында марафоншының телефоны сөндірулі тұрды. Қысқа уақыт ішінде марафоншының жазбасының астында оны қолдаған ондаған пікір пайда болды.