Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Жайық өзеніне ағайынды екі жігіт батып кетті

Орал қаласының маңында ағайынды екі жігіт Жайық өзеніне батып кетті, деп жазады Рaryz.kz  Экспресс К сілтеме жасап.

Жайық өзеніне ағайынды екі жігіт батып кетті
ашық дерек көздерінен

 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 8 шілде күні қалаға қарасты Меловые горки кенті аумағында болған.

"Сағат 17.35-те екі адамның жабдықталмаған жерден Жайық өзеніне батып кеткені жөнінде хабар түсті. Жедел құтқару жасағының күшімен іздестіру жұмыстары барысында 1991 және 2003 жылғы ағайынды жігіттердің денесі судан шығарылды. БҚО ТЖ департаменті суға шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін еске салады", — деп хабарлаған ведомстводан.