Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

"Алтын орда" базарында таяқ жеген жігіт көз жұмды

Атышулы "Алтын орда" базарында бұған дейін телефонын даулаған жас жігітті пышақпен қорқытып, ұрып құлатқан өзге азаматтың бейнежазбасы жұрттың назарына ілінген еді. Бір айға жетпей сол жәбірленген жігіт көз жұмды, деп жазады Рaryz.kz Экспресс К сілтеме жасап.  

"Алтын орда" базарында таяқ жеген жігіт көз жұмды
ашық дерек көздерінен

 

Базар ішінде телефонын тартып алған жігітке өз затын даулап, артынша ала-алмай таяқ жеген азаматтың қаза болғаны жайлы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Мәліметте 24 жастағы Қайнар есімді жігіттің есін жия алмай о дүниеге аттанғаны жазылған. Тіпті оның артында аяғы ауыр әйелі қалғаны да айтылады.

Аталған ақпараттың нақтылығына көз жеткізу үшін Экспресс К тілшілері Алматы облысының полиция департаментіне және денсаулық сақтау басқармасына сұрау салды. Әзірге ресми жауап жоқ.

Естеріңізде болса, Экспресс К бұған дейін "Алтын орда" базарында телефон үшін жігітті ұрған күдіктінің кім екені анықталғанын жазған еді. Полиция ол кезде жәбірленушіден арыз-шағым түспесе де, 28 жастағы Жамбыл облысының тумасын іздеуге алғанын айтқан.